Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Белгілі әншілер Қызылордада ән шырқады

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы Сыр өңірінде жалғасын тапты. 


Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтті.
Концертте Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетті.
Сыр топырағынан түлеп ұшқан өнер иесі, ән падишасы Роза Тәжібайқызының әндерін сағынған көрермендер өнер жұлдыздары мен концертті ұйымдастырушыларға деген құрмет қошеметін аямады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: