Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДЕНИ ШАРАЛАР МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай бірқатар шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» мейрамы қарсаңында бір апталық әртүрлі шаралар қаланың 200 жылдығымен топтастырылды. Сондай-ақ, орталық алаңда театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламамен қаланың 200 жылдығы салтанатты түрде ашылды.
Сондай-ақ, «Караоке Баттл», «Сырдария-Жырдария», «Бас киімдер шеруі», «Әнім сенсің - Қызылорда», ««Қыз - еркем, өнерімен көркем»», «Ең сүйкімді бүлдіршін», «Ел іші – өнер кеніші» және т.б. шаралар өткізілуде.
Осы жылдың сәуір айында «QYZYLORDA OPEN – 2018» атты Халықаралық балдық би турнирі өткізілді. Қазақстанның тұңғыш театр суретшісі, халық шебері Ләтипа Хожықованың 125 жылдығына «Хожықовтар қолтаңбасы» атты республикалық сурет көрмесі, Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты республикалық әншілер конкурсы,
Қала әкімінің қатысуымен 10 сәуірде «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Аталған кешке қаланы бұрын басқарған және қалаға еңбегі сіңген азаматтар қатысты, сондай-ақ, аталмыш кеште сазгер Р.Тайманов бастаған қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы келген қонақтарды рухани азықтандырды.
Сонымен қатар, жыр өнерінде өзіндік дара жолын қалыптастырған сыр сүлейі Шайыр Омар Шораяқұлының 140 жылдығына орай «Алты алаштың шайыры» атты облыстық жыр фестивалі болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: