Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«Оралу» жастарды отансүйгіштікке баулиды

Еліміздің барлық аймағында режиссер Рашид Сүлейменовтің «Оралу»  («Дорога домой») атты киносының бүкілхалықтық тұсаукесері болып өтті.

 

Аталмыш туынды «Қазақфильм» кионстудиясы «Көркем фильм» кинокомпаниясымен бірлесе отырып түсірілген. Оған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі тапсырыс берген. Басты рөлдерді Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова және Обонна Эндэбуезе сомдаған. 
Қызылорда қаласында жергілікті жұрт көркем туындымен Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде танысты. «Жас Отан» облыстық филиалы ұйымдастырған шараға студенттер мен оқушылар көбірек жиналды. 
Фильм жас жігіт Мақсаттың өмір тарихын баяндайды. Ол шетелде жоғары табыстарға жетеді. Өзінің атасының қазасынан кейін туған ауылына қадам басқан ол Отан мен отбасына деген сүйіспеншілік адам үшін басты құндылық екенін сезінеді.  
Аталмыш дүние Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы облысының Тұрар елді мекенінде түсірілген. Туындының ұзақтығы бір жарым сағатқа созылады. Кино жұртшылыққа прокатқа үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап шығады. 
Бұл туынды халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде көрермен көзайымына ие болған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: