Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Әнші Күләннің "Жібек сезімі"

Әнші Күләннің "Жібек сезімі" Үстіміздегі жылдың 8 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыстық филармония әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетованың шығармашылық кеші өтеді. Бұл шара әнші шығармашылығының 35 жыл толуына арналып отыр.
Өнер иесі жерлестерін «Жібек сезім» атты есепті концертіне шақырады. Кеш қонақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Астана опера және балет театрының солисті Бибігүл Жанұзақ, Гүлхан Сіргебаева, Дәулет Болатбаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Индира Ахметова. Билеттер А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің 3-этажында сатылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: