1928 жылы қараша айында Қызылорда аймақтық архив бюросы құрылып, негізі қаланды. Алғаш рет Орталық архивтен Сыр елінің тарихына қатысты 17 қордан 3813 құжат қабылданды. Осы уақыттан Қызылорда облыстық архив жүйесі құрылымының қалыптасу кезеңі басталды.
![]()
1938 жылы облыстың құрылуымен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің атауы өзгерді. Облыстық партия комитетінің 1939 жылдың 20 желтоқсанындағы шешімімен 1940 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық партия архиві құрылып, 1991 жылғы 28 қыркүйекте облыстық мемлекеттік архив қарауына беріліп, 1992 жылғы 22 шілдеден бастап Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің филиалы, ал 2014 жылғы 27 тамыздағы Қызылорда облысының әкімдігінің №690 қаулысымен «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып құрылды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі №248 «Республикада архив ісін жетілдіру және әрі қарай дамыту шаралары» жөніндегі қаулысына сәйкес, 1986-1991 жылдар аралығында Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Тереңөзек, Сырдария аудандық және Қызылорда қалалық архивтері, ал 2014 жылы Байқоңыр қалалық архиві құрылды. Облыс әкімінің 2018 жылғы 06 желтоқсанындағы №1277 шешімімен архивтердің мемлекеттік құрылымында өзгерістер болды. 6 аудандық архив, 2 қалалық архив, Қызылорда облысының қоғамдық саяси тарихы архиві, «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары болып өзгертілді.
Қазіргі таңда архив қоры 1890 жылдан бастап Сыр елі тарихының түрлі даму кезеңіндегі оқиғаларға байланысты деректерге толы.
2018 жылы ақпан айында сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтегі 5 қабатты Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Ғимарат «ерекше кезеңде» құжаттарды эвакуациялайтын қоймалармен, қор сақтау қоймалары мобильдік стеллаждармен қамтамасыз етілген. Құжаттарды өңдеу үшін зертханалық, реставрациялық кабинеттер ашылған, нәтижесінде ескі құжаттарды нормативке сәйкес сақтауға, өңдеуге, тігіп-түптеуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ, ғимарат заман талабына жауап беретін архивтік құрылғылармен қамтамасыз етілген.
25 қазан – Республика күні. Тәуелсіздігіміздің тұңғыш декларациясы қабылданған күн. 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация – Тәуелсіздіктің бастауы болды. Сол күннен бастап халқымыз азаттықтың ақ таңының атарына сенді, болашаққа нық қадам басты. Республика күнін мерекелеу 2009 жылы ресми мерекелер тізімінен алынып тасталған еді. Алайда тарихи және мемлекеттік маңызы зор бұл күн 2022 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен қайта жаңғыртылып, ұлттық мереке мәртебесін алды.
Осы айтулы күнге орай 2025 жылғы 22 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында жас мамандардың тарихи-танымдық білімдерін жетілдіру, архив құжаттарымен жұмыс жасау тәжірибесін, ғылыми ізденісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тарихы мен бүгіні» атты тарихи-танымдық сайыс өткізілді. Сайысқа С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі, Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектебі, П.Осипенко атындағы №8 орта мектебі, Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі, №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі, Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектеп, №268 мектеп-лицейі, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Тағылымды шарада Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева сөз алып ұлттық мерекемен құттықтап, жас мамандарға сәттілік тіледі. Жас тарихшылардың біліктілігін бағалауға Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева, Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Қ.Есекеева, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі, тарих пәнінің оқытушысы Э.Айымбетова қазылық етті. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші «Тарих тағылымы» кезеңінде қатысушылар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды даталар мен оқиғаларға байланысты тест сұрақтарына жауап берсе, екінші «Архив пен тарих сөйлейді» кезеңі бойынша архив деректеріне сүйене отырып тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорданың экономикалық және мәдени дамуы, жеткен жетістіктері және тарихи кезеңдерге қатысты зерттеу жұмыстарын қорғап, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс қорытындысымен жүлделі І орынды С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж.Тлеубаева, ІІ орынды Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектептің тарих пәні мұғалімі А.Оспанов, №268 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Г.Садирсламова иеленіп, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Шара соңында қатысушыларға архив қоры құжаттарынан дайындалған тарихи-құжаттық көрме таныстырылып, Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.
Архив қорында сақталған құжаттар – тарихтың қайнар бұлағы, сол себепті де тарихи сананы жаңғыртуда бұл құжаттардың алатын орны зор. Архив қызметінің негізгі бағыты – халықтың құжаттық негіздегі жадысы мен естелігін сақтау болып табылады. Мұндағы әр құжаттың астарында үлкен бір тарих бар. 2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде жалпы орта мектептің мұғалімдері мен оқушыларына «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өткізілді.
Шараға Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицейі, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің және Р.Әліарыстанов атындағы жеке мектептің мұғалімдері, оқушылар қатысты. Шараның мақсаты архив қорындағы дереккөздерді пайдалана отырып, өлке тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарту, архив құжаттарын насихаттай отырып өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін дамыту. Тағылымды шараны Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева ашып беріп, тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған архив мекемесінің құрылу тарихына, архив деректерінің маңыздылығына тоқталып, жұмыс барысына шолу жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицейі оқушылары арасында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Қызылорда өңірінің экономикалық дамуының мүмкіндіктері» тақырыбында пікірсайыс өткізіліп, төрешінің шешімімен ұтымды пікір білдіріп, мәселенің өзектілігін жеткізген сөз бәйгесінде І орынды Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицейінің Үкімет – Спикерлері иеленіп, дипломдармен марапатталды. Пікірсайысқа Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ.Ақпанов төрелік етті. Шара соңында қатысушыларға архивтің тыныс-тіршілігі туралы бейнеролик көрсетіліп, архив қорындағы дереккөздер негізінде дайындалған «Тарих айнасы – архив құжаттарында», «Архив – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты тарихи-құжаттық көрмелер таныстырылып, қор сақтау қоймалары мен бөлімдердің жұмысына экскурсия жасалынды.
Архив - ел тарихын түгендеп, қоғамның жадысын сақтайтын баға жетпес қазына. Құжаттарды дұрыс сақтау ғана емес, оларды тиімді пайдалану мен заманауи цифрлық жүйелерге енгізу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Осыған орай өңірлік деңгейде тәжірибе алмасу мен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта 16-17 қыркүйекте Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив құжаттарын беру тәртібі» және
«Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасауға арналған өңірлік семинар өтті. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Ұлттық архив, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының архив қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволық архив мамандары қатысты. Семинардың басты мақсаты - архив ісі саласында тәжірибе алмасу және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы С.Тащанова ашып, архив саласындағы жаңа өзгерістерге тоқталды. Облыстық басқарма басшысы Ж.Сейілов қатысушыларды құттықтап, өңірлер арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Семинар аясында архивтік құжаттарды оқу залдарына, уақытша пайдалануға немесе ұйым қызметкерлеріне беру тәртібі, сот және құқық қорғау органдарына құжат ұсыну тәжірибесі, сондай-ақ құжаттарды сканерлеу мен «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде ұйымдастырылған тарихи-құжаттық көрмемен танысты. Көрмеде ұлт тарихына қатысты Орынбор мен Өзбекстан мемлекеттік архивтерінен әкелінген құнды құжаттардың көшірмелері қойылды. Бұл семинар архив саласының өзекті мәселелерін бірлесе шешуге, кәсіби қауымдастықты нығайтуға және заманауи цифрлық жүйелерді тиімді пайдалануға серпін берді.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мемлекет құрылысының басты тірегі. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Пак Елена Владимировна, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Сәрсенбек Гүлзира Сәрсенбекқызы,
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының магистрі Орынбаева Алтынай Романқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары және архив қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақты тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту, патриотизмді, қазақстандық рухани бірлікті дамыту. Дөңгелек үстелді Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева кіріспе сөзбен ашып, іс-шараның мақсатына тоқталды. Өз кезегінде сөз алған «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Е.Пак мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан игі шаралары туралы, тілдің қоғамдағы ролі, оның жастар арасында кеңінен насихатталуы мен тілдің дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығын баса айтты. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Г.Сәрсенбек өз сөзінде қазақ тілінің тек қатынас құралы емес, сонымен қатар ұлттық рухты, тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші маңызды фактор екенін атап өтіп, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген этнос өкілдеріне тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерімен ой бөлісті. Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының магистрі А.Орынбаева өңірдегі тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстары туралы кеңінен баяндап, «Тіл. Ізденіс. Нәтиже» тақырыбында баяндама оқып, көп жылғы іс-тәжірибесімен бөлісті.