Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ


Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойының негізгі мәдени-көпшілік шаралары осы жылдың 23-29 қыркүйек аралығында өткізілді.
23 қыркүйекте Тасбөгет кентінің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралардан бастау алды;
24 қыркүйекте – барлық спорт алаңдарында қаланың 200 жылдық мерейтойына арналған түрлі спорт сайыстары болды;
25 қыркүйекте – «Абай» аллеясында «Абай дана, Абай дара қазақта» әдеби жыр марафоны өткізілді. Сонымен қатар, «Өнер арбатында» «Қызылорда туған жерім» атты суретшілер байқауы;
26 қыркүйекте – Орталық стадионда Ерікті жастар арасында «Street Qwest» ойыны;
27 қыркүйекте - «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы және А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық еңбек форумы өткізілді;
28 қыркүйекте – «Сыр сүлейлері» аллеясында «Этноауыл», «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» фестивалдері және осы күні Н. Бекежанов атындағы драма театрында қаланың 200 жылдығына арналған салтанатты шара, сондай-ақ, орталық алаңда қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.
29 қыркүйекте – қала орталықтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің облыстық жәрмеңкесі, ипподромда «Сыр тұлпары» ат бәйгесі, «Евразия» спорт кешенінде Түйе палуандар сайысы өткізілді.
Сондай-ақ, қаламыздың мерейтойына орай мерекелік медальдар жасалып, кәдесыйлар қонақтарға таратылды.
Сонымен қатар, қазан-қараша айларында мерекеге тарту ретінде Қызылорда қаласында барлық аудан өнерпаздарының шығармашылық концерті және тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: