БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ ЖАҢА СЕРИАЛ ТҮСІРІЛІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ КАДРЫН КӨРСЕТТІ
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы конкурс атымен бірдей аталатын «Қазақ аруы» жаңа сериалының түсірілімінің қалай жүріп жатқаны туралы видео жариялады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады.
Баян Мақсатқызы қазан айында ұлттық нақыштағы сән конкурсының тарихын көпшілікке ұсынатынын жариялады. Басты кейіпкердің рөлін 16 жасар Гүлзада Тұрлаш сомдайды. Фильм продюсері бұрын айтқандай, сериалды түсірушілер «жаңа есім» іздеген, сондықтан да басты рөлге конкурстың бұрынғы жеңімпаздарын шақырмады.
Әлеуметтік желілерге салынған жарияланымдарға қарап, түсірілімнің түнгі уақытта да жүріп жатқанын байқауға болады. Продюсер сериалдың бірнеше қойылымын - қазылар алқасының үміткерлерді талқылауы, конкурс сахнасынан тыс оқиғалар, сондай-ақ «Қазақ аруы» міндетті кезеңі болып табылатын дарындылар шоуын жариялады.
Айта кетейік, «Қазақ аруы» конкурсы жыл сайын наурыз айында өткізіледі. Биылғы жылы осымен алтыншы рет болып өтті. Жобаның шарты бойынша, қыздар қазақ тілін еркін меңгеріп, әдебиет, тарих, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан хабардар болулары тиіс. Интеллектуалдық қабілеттерімен қатар, қыздардың сыртқы бет-бейнесіне қатаң мән беріледі. Еске сала кетейік, түрлі жылдары «Қазақ аруы» титулын Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова, Альмира Ахатова жеңіп алған. Бұл бейнекөріністерді мына сілтемелер арқыла көруіңізге болады.