Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ТАСБӨГЕТТЕ КҮЗГІ БАЛ ӨТКІЗІЛДІ

ТАСБӨГЕТТЕ КҮЗГІ БАЛ ӨТКІЗІЛДІС.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Күз мереке, күз береке» атты күзгі бал сайысы өткізілді. Оны облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Самұрық S Қазына Сервис» ЖШС- ұйымдастырды. 
Оған жоғары, орта арнаулы және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Сайыста бақ сынаған жастарға «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Қ.Ботжанов, Қызылорда КВН филиалының директоры А.Төлегенов және қазақ эстрадасының жас әншісі Б.Молдабергенов әділ қазылық етті. 
Күзгі бал сайысы 4 кезеңді қамтыды. Арнайы іріктеуден өткен 7 жұп бір-бірінен қалыспай, ән айтып, би-билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Қызылорда инженерлік-техниикалық колледжі мен Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері қанағат тұтты. Екінші орынға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің қатысушылары лайық деп танылды. Жүлделі бірінші орынмен «Жас өркен» колледжі марапатталды. Ал, «Қызмет» колледжінің студенттері «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды. 
Шара соңында жеңімпаздар мен сайыста түрлі өнер көрсеткен басқа да қатысушылар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: