Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА РЕТРО-ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА РЕТРО-ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

 

Қазалы ауданында «Сағындырған әндер-ай» тақырыбында вокалды-инструменталды ансамбльдердің сүйемелдеуімен 70-80 жылдарда орындалған әндерден ретро-фестиваль өткізілді.
Өнердегі айнымайтын қағида – халықтың қуанышын, мұң – мұқтажын, қайғы-қасіретін айдай ашық, таза мөлдір күйінде өмір сахнасына шығару. Сондай-ақ, көрерменнің көкірегіне ұялаған тұңғыш «Дос - Мұқасан» эстрадалық ансамблінің ізін жалғастырушы өнер ұжымдарын халыққа кеңінен насихаттау және қазақтың ғұмырлы әндерін жастардың санасына сіңіру - шараның басты мақсаты болды. Аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Мелодия», аудандық балалар әуез мектебі жанындағы «Қыздар», Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанындағы «Қазалым», Майдакөл, Бекарыстан би, Ү.Түктібаев ауылдарынан құралған «Таңшолпан», Бозкөл ауылынан келген «Қарлығаш» вокалды-инструменталды ансамбльдері мен Кәукей ауылынан келген «Ізеевтер» және Қазалы қаласынан «Ілиясовтар» жанұялық ансамбльдері тылсым қасиеті бар ретро әндерді халыққа жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Халықтың қазынасына айналған әндер орындалған кеште барлық қатысушы өнер ұжымдарына аудан әкімінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыстылды. Көтеріңкі көңіл-күй, құлақтан кіріп бойды алған сазды әуен қазалылықтардың рухын көтерді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: