Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ


Қызылорда қаласының мәдениет күндері Р.Бағланова атындағы мәдениет үйіндегі аудан тұрғындарына арналған мерекелік концертке ұласты.
Салтанатты жиында Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қаланың 200 жылдық мерейтойына Қазалы ауданының жасаған тартуына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ауданның бірқатар азаматтарына Қызылорданың 200 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстады. Өз кезегінде Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев Қызылорда қаласының әкімі Қызылорда жұртшылығын 200 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Қазалы төріне шартарапқа танылған сазды әуенімен, Сыр сүлейлерінің нақышты жыр-күйімен келген қызылордалық өнерпаздар көрермендерді тәнті етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: