Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СУРЕТШІ АСТАНАДА КӨРМЕ ӨТКІЗЕДІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы шараларға орай ертең Астана қаласындағы Ұлттық музейде Қазақстандағы белгілі қылқалам шеберлерінің көрмесі өтеді.
Тәуелсіздік күні мерекесі мен ел байтағы Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрмеде Сыр суретшісі, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Амангелді Кененбаевтың туындылары ел назарына ұсынылады.
Қылқалам шеберінің айтуынша көрмеге «Өткінші» және «Өзен. Қарғалы-1» картиналары қойылмақ. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отырған шара 15 желтоқсанда аяқталады.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген суретшінің туындылары 1983 жылдан бастап облыстық, республикалық және шетелдік көрмелерге қойыла бастаған.
Амангелді Кененбаев бірқатар мүсіндік және монументалды нысандардың да авторы. 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда жеке көрмелері өткізілген.
Суретші туындыларында нақты сұлбаның өткір сезімі және бір сәтте этюд деңгейіндегі нақты бақылауды аса колоритті бояу тіліне аудару секілді екі арнаны біріктіреді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: