Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қармақшы өнерпаздары Астана жайында ән салды

Қармақшы өнерпаздары Астана жайында ән салдыҚармақшы аудандық жыраулар үйінің алаңында Елордамыз Астана қаласының 17 жылдық мерекесіне орай «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әнім сенсің - Астана» тақырыбында Астана қаласына байланысты әндерді орындаудан байқау өткізілді. 
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары К.Раева құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау екі кезеңнен тұрды; бірі Астана туралы, екіншісі еркін тақырыпта ән орындау. Байқауға кент, ауылдық округтерден келген жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Т.Көмекбаев ауылдық округінен келген жас әнші А.Бүркітбаева иеленсе , I–орынды дуэт құрып ән орындаған Төретам кентінің жастары А.Сүгір және С.Талғатова ие болды. II-орынды Қармақшы ауылынан келген А.Баймұратова және Ақтөбе ауылынан Г.Ықыласова есімді жастар иеленді. III-орынды Ақай ауылдық округінен келген А.Серікбай және Жаңажол ауылдық округінен келген С.Ералиев есімді жастар өз белсенділіктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Қалған байқауға қатысушы жастар назардан тыс қалмай ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындаған Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Шараға үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер, мекеме қызметкерлері, жастар, БАҚ өкілдері және барлық қызығушылық танытушы аудан тұрғындары қатысты.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: