Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТУҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТУҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

 

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалды. 
Оған облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346 мың теңге жұмсалды. Биіктігі - 6 метр болатын ескерткіш орнатуға толық дайын.
Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде.
Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: