Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ЗЕРТТЕЛМЕК

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ЗЕРТТЕЛМЕКҰлттық музейде қазақтың ұлттық тағамдарын  зерттейтін лаборатория ашылады. Бұл жөнінде академик Төрегелді Шармановпен кездесу барысында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай айтты.
Ұлттық музейде ұйымдастырылған кездесу кезінде Қазақ тағамтану академиясының  президенті, академик Төрегелді Шарманов жылқы шаруашылығы мен қымыз өндірісіне ерекше мән береу керектігіне тоқталып өтті.
«Бәріміздің мақсатымыз бір ол – қазақтың тарихын, ұлттық мәдениетін,  жан-жақты көрсету, насихаттау, таныстыру. Біз өзіміздің атадан балаға жалғасқан ұлттық тағамдарымыздың маңызын түсінуіміз қажет. Мәселен біз жылқының қасиетін, оның маңызы мен артықшылықтарын дұрыс түсінбей жүрміз. Жылқы жайлы не білеміз? Оның тек етін жеп, қымызын ішуді ғана білеміз. Бірақ бие сүтінен қаншама өнім жасап шығаруға болар еді, оны біз осы уақытқа дейін жүзеге асыра алмай келгенбіз. Қазір Қазақтың тағамтану академиясы бие сүтінен балмұздақ, шоколад, торт сияқты өнімдер өндіріп жатыр. Олар адам ағзасына пайдалы дәрумендерге бай. Біз қазір жылқыны тек қана сойып жеп жабайы түрде құртып жатырмыз. Қымыз адам денсаулығына өте пайдалы, ол адамның шаршауын ұмыттырып, көңіл-күйін  көтереді. Қымыздың құрамында адамға рахат сыйлайтын дәрумендер бар. Тіпті орыс жазушысы Лев Толстой әйелімен ренжіскен кезде апталап, қымыз ішіп жататын болған. Биенің сүті тері ауруларына ем. Кезінде қымызды көп ішетін қазақтардың арасында тері ауру аз болған», - деді Т.Шарманов.
Төрегелді Шармановпен кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері мен ғалымдар, музей қызметкерлері қатысты. Академик ғылыми қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
«Ұлттық музей қазақтың байырғы ұлттық тағамдарын зерттеп, оның пайдасы мен артықшылықтарын, халыққа түсіндіретін болады. Бұл іске Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақтың тағамтану академиясы кеңесші болатын болды», – деді Д.Мыңбай.
Айта өтейік, Ұлттық музейде ашылатын ұлттық тағамдарды зерттейтін лаборатория музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтына қарасты болады. Жобаға қазіргі уақытта институт жетекшісі Ақан Оңғар басшылық етеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: