Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада зерттеушi этнограф, жазушы Тынышбек Дайрабай мен заңгер Молдабек Ахметовтің «Сыр еліндегі ескерткіштер» атты жаңа туындысының тұсаукесері болып өтті.
Қазақ және орыс тілінде жарық көрген еңбек фотоальбом әрі энциклопедиялық үлгіде, жүйелі түрде жазылған. Сондай-ақ, еңбекте 300-ден астам археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени ескерткіштер қамтылып, әрбір мәлімет аудан бойынша топтастырылған. Сондай-ақ, анықтамалық түрде жазылған кітапта құнды деректер мен шынайы мәліметтің топтастырылғанын сөз етіп авторларға ризашылықтарын білдірді. Осылайша, сырға толы Сырдың сырлы ескерткіштері жайындағы тарихи туынды өз оқырмандарына жол тартты. Өз кезегінде қос автор кешке қатысушыларға алғыстарын жеткізді.