Сыр өңірінде энергетика, газбен қамтамасыз ету және жылумен қамту бойынша маңызды жобалар жүзеге асып келеді. Облыста атқарылып жатқан жобалар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсртуға бағытталған.
![]()
Қызылордада 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысы аяқталуда.
Жылыту маусымының өту барысын бақылау шеңберінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қызылорда қаласында салынып жатқан қуаты 240 МВт бу-газ электр станциясының құрылысымен танысты. Жобаны іске асыру өңірдің электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда.
Вице-министр газ турбиналары корпусының жұмысымен танысып, онда қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ол 220 киловольттық ашық тарату құрылғысын және басқару қалқанын қарап шықты.
Облыс әкімдігімен және инвесторлармен бірлесіп, нысанды пайдалануға беру және электр мен жылу энергиясын өндіру мәселелері талқыланды. Аумақтық департаментке жылыту маусымының өтуін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Жалпы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту аясында Энергетика министрлігі заманауи жылу электр станциялары мен бу-газ қондырғыларын салу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл нысандарда экологиялық талаптарға сай, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын озық технологиялар қолданылады.
Облыста энергетикалық инфрақұрылым нысандары жыл сайын жаңғыртылуда. Әртүрлі кернеудегі 10 мың шақырымнан асатын электр желілері, 2 мыңға жуық қосалқы станция бар. Биыл 6 млрд. 100 млн. теңгеге
280 шақырым электр желісі, 87 қосалқы станция қайта жаңғыртылып, тозу деңгейі 62 пайыздан 60 пайызға төмендеді.
Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау, жаңа энергетикалық қуатты іске қосу мақсатында Қызылорда қаласында 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығының құрылысы аяқталды.
Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы негізгі, қосалқы қондырғыларды 100 пайыз жеткізген. Станцияның бірінші іске қосу кешені дайын.
Аталған жоба өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп, өндірісті дамытуға серпін бермек. Ал орталық толық қосылғанда өзге өңірлерге электр энергиясын сатуға мүмкіндік туады.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 800 млрд. теңгеге қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу-газ қондырғыларын салуды жоспарлаған. Оған 280 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Станция 2029 жылы толығымен іске қосылады.
2025 жылдың 1 қазаңға өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 504 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км), 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. (01.05-31.08.2025ж.)
«Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қазіргі таңда 35 кВ ашық тарату, 220 кВ ашық тарату қондырғылары бойынша жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік қабылдауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға есептегіш құралдарды қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Қазіргі таңда, жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға республикалық бюджетке өтінім жолданды.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның теңгеріміне 2025 жылы 50 нысан өткізілуі жоспарланып, қазіргі таңда 19 нысан теңгеріміне өткізілді.
Газдандыру саласы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2025 жылғы 1 қазанына облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 81 пайызды құрайды.
Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен 52 елді мекен табиғи газға қосылған.
Aғымдағы жылы жалпы 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 4,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 8,5 млрд. теңге. Аталған қаржыға 13 жоба жүзеге асырылмақшы.
2025 жыл басынан бері халық саны 10 мыңға жуық 6 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды.
2025 жылдың соңына дейін халық саны 10 мыңнан астам тағы 3 ауылдық елді мекен (Шаған, Дүр Оңғар, Сабалақ) газдандырылып табиғи газға қосылған елді мекендер саны 55-ке, газдандыру деңгейі 82 пайызға жететін болады.
Жалпы биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13,5 млрд.теңге қаржы қаралуда (республикалық бюджеттен –5,2 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 5,4 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынныңөз қаржысы есебінен 364 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2 млрд. 524 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 329 млн.теңге бөлініп, қазандықтар қайта жаңғыртылды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 1 генераторды және 1 күштік трансформаторды жаңғырту, 10 бу қазандықтары мен 21 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылу желілерін қайта жаңғырту республикалық бюджеттен 1,4 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша 2,2 млрд. теңге бөліп, 7,9 шақырым жылу желілері қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда.
Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады (42% дан 40% дейін).