Қармақшы ауданында Қазақстан халқы тілдері мерекесінің салтанаты өтті. Жиналған жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары Болат Нақыпов айтулы мерекемен құттықтады.
Әр түрлі та¬қы¬¬рыпта қалам тербеп, үлгілі қызмет ат¬қа¬рып жүрген бір топ тіл жанашырларына Алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат жасалды. Мерекелік салтанатта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орын¬басары Күлжауһар Раева құттықтау сөз сөйлесе, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалы төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов тілдер мерекесі аясында мектеп оқу-шылары арасында өткізілген «Туған тілім – ті¬регім» атты мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттады. Мүшәйраның Бас жүлдесін иемденген №30 орта мектептің оқушысы Гүлфариза Кеңшілікованың «Қазақ тілі» өлеңі көпшіліктің көңілінен шықты.
Шарада аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мереке ажарын айшықтай түсті. "Жас ұландықтар” әдеби қойылым ұсынды.