Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА ҚАЗАЛЫ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

АРАЛДА ҚАЗАЛЫ КҮНДЕРІ ӨТУДЕБүгін Айдынды Аралда «Арылмаған той-думаны базары, еншілес ел Арал менен Қазалы» деген атпен тамыры терең-тарихы кенен Қазалының мәдениеті мен өнері күндері өтуде.
Шараны аудан әкімдері Абзал Мұхимов пен Нажмадин Шамұратов сөз сөйлеп бастады. Мереке күні қонақтар Аралдағы іргелі кәсіпорын «Аралтұз» АҚ мен «Ай-Жұлдыз» сервистік қызмет көрсету орталығын және аудандағы мұражайларды аралап көрді.
Келбеті ажарлы, тірлігі базарлы Қазалы өнімдері Аралдың орталғында арзан бағада халыққа ұсынылды. Жәрменкеде базар бағасынан 10-15 теңге төмен бағада сатылған РЗА-ның сүт өнімдері, Қазалы кәмпиті, күріш, балық, ет, көкөністер аудан тұрғындарының көңілінен шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: