Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АУЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АУЫСТЫ

 

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ардагері Хамидов Ашур Халилұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
 
Ардагерді құттықтауға этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен әріптестері келді. Кездесу аясында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова ардагерге деген ыстық ықыласын білдіріп, Ашур Халилұлын марапаттады. 
Еңбек жолын аспаздың көмекшісі болып бастаған ол зерделілігінің арқасында сатылап өскен. Еңбек өтілі үш жылға толғанда арнайы жолдамамен Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы сауда институтына түседі. Арасында екі жыл әскери борышын өтеп, 70-жылдардың басында Қызылордаға қайтып оралады. Содан еңбекке білек сыбана араласып кетеді. Нәтижесінде облыстық өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейін жоғарылайды. Бүгінде ол ардақты әке, қадірлі ата. Ұяға қондырған екі ұлы да адам жанына араша болып, ақ халатты абзал жан ретінде елге танылуда. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы алғаш құрылған уақыттан бастап мүшесі болып келген Ашур Халилұлына талай жыл бірге жүрген әріптестері татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Ғ.Ғизатуллина, неміс этномәдени орталығы бірлестігінің төрайымы И.Шек, «Славяне» қоғамдық мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Е.Ким бір ортада біте қайнасып жұмыс істеп, бейнетінің зейнетін көргеніне шын жүректен қуанышты екендерін жеткізді. 
Кездесу барысында жиылған көпшілік ақсақалға жылы лебіздерін айтып, сый-сыяпаттарын табыс етті. Сонымен бірге, А.Хамидов бірлестіктің төрағалығын өз ізбасары Қаһар Дадашевке тапсыруды жөн санап, жастарға орын берді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: