Қазалы аудандық орталық алаңында «Кітапхана және жастар: Болашаққа кітаппен» атты сыр өңірінің ақындарының тәуелсіздік жырларынан флеш-акция өткізілді.
Бұл шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Қазалы аудандық бөлімі және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырды.
Шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Жүсіпов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов сөз сөйлеп аудан жастарына Қазақ елінің мәдениетін, тарихын, ғажайып табиғатын, тәуелсіздігімізбен бейбітшілігімізді жырлаған мәңгілік елімізбен бірге есімдері мәңгі есте қалатын ақындарымыздың тамаша жыр шумақтарын оқуға шақырды. Акция одан әрі аудан жастарының флешмоб биімен және тұрақты оқырмандар белгілі ақын жазушылардың жыр шумақтарын оқумен жалғасын тапты.