Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«СЫРЛАСАЙЫҚ ЖЕҢЕШЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«СЫРЛАСАЙЫҚ ЖЕҢЕШЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІҚармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық «Сырласайық жеңеше» атты келіндер байқауы болып өтті. 
Cайыста ауылдық округтерден ең шебер, инабатты, пысық, сымбатты деген 8 келін қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып, өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң, отбасылық жағдайларға арналған қойылымдар қойып, өздері жасаған ас мәзірлерін қазылар алқасына ұсынып, заманауи және ұлттық киім үлгілерін көрсетті. 
Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған келіндер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға бағалы сый-сияпат табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: