Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Есірткісіз болашақ: қоғам үні»

Қазақ халқының «Жирен жаман әдеттен» сөзі бар. Расында, бала шағыңнан қоғамға жат қылықтан аулақ болған жөн. Қазір есірткіге елтіген жастарды көргенде жаның күйзеліп, олардың жөнсіз тірлігіне еріксізден бас шайқауға тура келеді. Есірткі дегенің адамның баянды өміріне балта шауып, тұңғиық әлемнің құрсауына қолыңнан тарта түседі. Әрине, ол тығырықтан қайта шығу қиынның қиыны. Ең бастысы, ешқашан есірткіге жоламай, өзіңнің өмір жолыңда ерекше серпін беретін жақсы әдетпен шұғылданғаның дұрыс.

Біз әлі мектеп қабырғасында білім алып жүрміз. Жарқын өмірдің бастауы – білім деп ұғамын. Әрдайым жетістікке жетуге тырысамын. Сол жолда үзбей, уақытпен санаспай білімімді толықтыруға тырысамын. Көптеген кітапты парақтап, өзіме қажетті деректерге көз салуға көңіл бөлемін. Сондай-ақ алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын абыройлы азамат болғым келеді. 
Өтірік демей-ақ қоялық, бізбен қатарлас оқушылар арасында есірткінің құрығына іліккен жас өрендер бар. Олар бір сәттік жасанды өмірге бой алдырып, күні ертең құрдымға құлаудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқым келеді. Есірткі қашанда жақсылыққа апарған емес. Қылмыс жасап, темір тордың ащы дәмін татып жүрген замандастарымды көргенде көңіл-күйіміз бұзылып кетеді. 
Сондықтан мен өз достарыма әрдайым жақсы әдетке әуес болайық дегім келеді. Ал есірткі ертеңгі күніңді бұлыңғыр етеді.

Айзере Абдиллахан,
С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектептің 9 “А” сынып оқушысы 
Жаңақорған ауданы


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: