Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Мұрагер» мектебінің оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі Әлібек Жаппасбаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас эксперті Шәкизат Әбдіраманова дәріс оқыды. Әлібек Жаппасбаев: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саясаты бізге жол көрсетер шамшырағымыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» бағдарламысында айқын көрсетілгендей Қазақстан халқы ұлтына, тегіне, дініне қарамастан бір халық, бір ел азаматтары. Қазақстан халқы соңғы 25 жылда сан қиыншылықтар бойында татулық арқылы алып келе жатыр. Елдегі жетістіктер де, қуаныш та барлығына ортақ. Бұл орайда қазақ мәдениетінің тереңдігімен ұштасып жатқандығымен жеткізді.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы тікелей Елбасының идеясы болатын. Ассамблеяны құру арқылы қазақ еліндегі 130-дан астам ұлт өкілдерін татулықта, достықта, жасампаздықта өмір сүруіне әкелді. Ассамблея төңірегінде толерантты қоғамды қалыптастырудың бір айқын көрінісі орын тапты. Азаматтық қоғам құрастырудың бір жолы ол қарама қайшылықтарды диалог арқылы шешу,- деп бүгінгі кездесуде «Халықтар арасындағы диалогтың бір мінбесі ол ҚХА» сөзімен аяқтаған бас эксперт Шәкизат Әбдіраманова.
Кездесу барысында мұрагерлік оқушылар мамандарға ой түйіткілінде жүрген сұрақтарын жолдай отырып, тұшымды жауаптар ала алды.