Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ХАСАН ОРАЛТАЙҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ХАСАН ОРАЛТАЙҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯЖаңақорған ауданы орталығында есімі елге ғана емес, Еуропаға әйгілі, еңбегі ерге ғана емес, ерлікке пара-пар тау тұлға «Хасан Оралтай – алашшыл қайраткер» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті. 
Алқалы басқосу аясында шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, түркі әлемінің танымал қоғам қайраткері Хасан Оралтайдың құрметіне «Кейден» ауылындағы №208 орта мектепте арнайы дәрісхана ашылды. Оған қоса құрметті қонақтар мектеп ауласында ағаш көшеттерін отырғызды. Әрі 1992 жылы іргетасының қалануына себепші болған «Кейден» мешітінде қайраткер рухына Құран бағыштап, аудандық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерімен танысты. 
Мұнан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық ғылыми-танымдық конференцияға ұласты. Аудан әкімі Р.Рүстемов модераторлық еткен мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы қатысты. Конференцияның құрметті қонағы қатарында: академик, тарих ғылымдарының докторы, М.Қойгелді, жазушы, кинодраматург С.Елубай, Түркиядан «Стамбул» университетінің профессоры Ә.Қара, Республикалық қайырымдылық мекемелер директорлары кеңесінің төрағасы А.Есей, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Аңсатова көрнекті қоғам қайраткері Хасан Оралтай хақында баяндама жасады. Оған қоса Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда қаласынан бірқатар ғалымдар қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды. 
Сонымен қатар, Алманиядан қайраткердің ұлы Б.Хасан, Мьюнхен әуежайының директоры Ы.Сабиханов, Мерсин қаласынан «Құран» курстары қауымдастығының төрағасы Х.Таш келді. 
Конференция соңында «Хасан Оралтайдың тағылымдары» атты жаңа кітаптың таныстырылымы болды. Туынды авторлары М.Естемір мен Ә.Ильяс алашшыл қайраткердің қанатты сөздері мен ғибратты ғұмырын арқау ете отырып әсерлі еңбек жазып шыққан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: