Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мұрағат қоры жаңа дүниелермен толықты

Мұрағат қоры жаңа дүниелермен толықтыҚызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Қазақстан – баршамыздың ортақ Отанымыз» атты көрме ұйымдастырылды. 
Көрменің мақсаты мұрағат қорында сақталатын ұлттар достығы туралы мәлімет беретін құжаттармен таныстыру, сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үңіліп, бейбітшілік пен татулықтың маңызын дәріптеу.
Шараға Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері мен оқытушылары, мұрағат қызметкерлері қатысты. 
«Қоғамдық келісім» КММ-нің бас эксперті Ә.Әбдірашев, облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Н.Қуанышева, облыстық мұрағат бөлімінің басшысы Ж.Алтынбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында сөз қозғап, мұрағат құжаттарына шолу жасады.
Көрмеге ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы туралы, татар ұлттық мәдени орталығының алғашқы жетекшісі, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген ұстаз Н.Ахмадиеваның, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильиннің, жазушы Юрий Соломатинның, балалар жазушысы Саид Баязитовтың, Кеңес Одағының батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің құжаттары және ұлттық мәдени орталықтардың атқарған жұмыстарынан мәлімет беретін 1890 жылдан осы кезеңге дейінгі барлығы 55 құжаттар, кітаптар,буклеттер, суреттер қойылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: