Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАС СУРЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ


12 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған жас суретшілер арасында «Сүйікті – қалам Қызылорда» атты сурет байқауы өткізілді.
Бұл шара Сыр елінің мәдениеті мен тарихи құндылықтары жайындағы білімдерін жетілдіре отырып, туған өлкесін мақтаныш ету және жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында қолға алынды.
Байқауға 5-15 жас аралығындағы жас суретшілер қатысып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдіретін 55 жұмыс түрін ұсынды.
Жюри құрамының мүшелері «Өнер» бейнелеу студиясының жетекшісі Оспанова Татьяна Аубакировна, «Alif» көп салалы оқу орталығының оқытушысы Баталова Елена, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының суретші дизайнері Абуова Баян қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыстарын бағалады. 6-9 жас аралығы бойынша Жанғабыл Томирис, 10-12 жас аралығы бойынша Ким Анастасия, 13-16 жас аралығы бойынша Апсемет Мадина бас жүлденің жеңімпаздары атанып, димломдармен марапатталды.
Сурет көрмесін қала тұрғындары мен кітапхананың оқырмандары тамашалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: