Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Зерде" байқауында зерделі екенін көрсетті

"Зерде" байқауында зерделі екенін көрсетті«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен»  республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының Х республикалық «Зерде» конкурсы өтті. 
Осы конкурсқа А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің 4 сынып оқушысы Асқарбек Рамазан қатысып, жүлделі ІІ орын иегері атанды. Жас болса да талаптанып, қолына қалам алып, өз атасы Ұлы Отан соғысының ардагері Айжарық Баймаханұлының қалдырған мұрасын зерделеп, танып білуге ұмтылған Рамазанның тырнақ алды ғылыми жұмысы, ізденушілік бастамасы әбден құптарлық, үлгі етуге тұрарлық дүние. Бұл әсіресе биыл атап өткелі отырған Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты орайы  келген, ғылыми-танымдық жұмыс ретінде бағалауға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: