Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫБүгін Қармақшы ауданы Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Жастар саябағында» жылдағы дәстүр бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада аудандық маслихат хатшысы Марат Наятұлы: Бүгінгі күн сіздер үшін ер-азаматтың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Себебі, сіздер өздеріңіздің нағыз ер-азаматқа тәне болмыстарыңды айқындаудың бір дәлелі Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтемексіздер. Бұл әрбір қазақ баласына лайықты қасиет. Бүгіннен басталатын әскери өмірге аттаған қадамдарыңызға сәттілік серік болсын! Отан алдындағы борыщтарыңызды абыроймен атқарып туған жерге аман-есен оралуларыңызға шын жүректен тілектеспін!-деп сарбаздарға ақ жол тіледі. Сондай–ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, «Нұр Отан» Қармақшы партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Күлжауһар Раева, Жосалы кенті әкімі Асқар Мереков, - ұлан-байтақ қазақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келген ел мен жердің баянды болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында екендігін айтып, баталарын берді. Жастар бірлестігінің белсенділері Қармақшылық жастардың атынан болашақ сарбаздарға «аманат хат» пен сарбаздың күнделікті тұтынатын заттарын табыстады. Шара барысында аудан өнерпаздары ән-шашудан тарту жасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: