Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Шиелі ауданында республикалық дәстүрлі жыршы-термешілер фестивалі өтті

Шиелі ауданында ғұлама ақын, философ, композитор Абай Құнанбайұлының әндерін насихаттауға арналған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты республикалық дәстүрлі жыршы-термешілер фестивалі өтті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған республика деңгейде облыстар ішінен бірінші болып басталған бұл бастама Сыр өңірінің мақамымен Абай өлеңдерін шырқаумен ерекшеленді.
Қарағанды облысынан Аяулым Қамажан, Қызылорда облысынан Мөлдір Төлебаева, Марат Сүгірбай, Нұртілек Ақтаев, Әділхан Қуаңбаев, Мейрімжан Махамбетжан, Нұрайым Ерталапқызы, Мұхаммедәлі Бекпейісов, Тоғжан Бақыт, Аяжан Шымберген, Шығыс Қазақстан облысынан Айбала Өсиетқызы, Нұрсұлтан қаласынан Күнсұлу Түрікпен, Маңғыстау облысынан Темірбек Асқанбаев жыршы термешілердің өнерін тамашалап, фестиваль соңы барлық қатысушылардың "Көзімнің қарасы" әнімен аяқталды.
Фестиваль қатысушылары дипломмен марапатталып, сыйақы табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: