Қызылорда қаласында тұрмыс сапасын арттыру, жаңа инновацияны кеңінен тарату мақсатында «Ақылды қала» жобасы бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікілей байланыс жасау үшін, мәселелерді дер кезінде шешуге арналған «Q Orda» атты мобильді қосымшасы жақын күндері іске қосылады.
Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылған бұл мобильді қосымша, арнайы Android және IOS платформаларына жасалып, 2 тілде барлық ұялы телефондарға жүктеуге мүмкіндіктері қарастырылған.