Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Ақиық ақын шығармашылығы дәріптелді

Ақиық ақын шығармашылығы дәріптелдіЖаңақорған кентіндегі №163 орта мектебінде аудана қарасты 41 білім ошағынан жиналған мектеп кітапханашылары ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған семинарда бас қосты.
Алғашқы кезекте артынға өшпес мұра қалдырған, өмірі өлеңмен өрілген Мұқағали ақынның өмір жолы баяндамаға арқау болды. Ал, «Менің анкетам» өлеңі өрендердің тілінде оқылғанда, ақынның бүкіл бар болмысын ашып бергендей болды. Ақынның поэзия әлеміне арнаған жыр шумақтарын шәкірттер қауымы шаттана орындады. Өз кезегінде ауыл-аймақтан жиылған кітапханашылар да сиясы кеппеген жырларын ақын рухына арнады. Басқосудың басты кейіпкері хақында өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі үлгілерін сөз етті. Әрине, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған кем де шығар. Ақын шығармашылығындағы сезім лирикасына арналған сырлы өлеңдерін жас ақындар тебірене орындады. Семинар соңында әдеби шараға белсенді атсалысқан білім ошағының озат оқушыларына мектеп директоры К.Жақыпбекова «алғыс хаттар» табыстады. Аудандық білім бөлімінің сала әдіскері Д.Ыдырысовта оқырмандар қауымына ақынның кітаптарын сыйға тартты. Семинарды ұйымдастырушы аталмыш мектептің кітапханшысы Б.Мұстафаеваға әріптестері алғысын жеткізіп, алдағы уақытта да шығармашылық байланыста бірге болайық деген лебіздерін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: