Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Облыстық театрдың жаңа маусымы басталады

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры 66-шы маусымын бастайды. Тоғызыншы қазан күні сағат 16-00-де Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясы сахналанады.
Көріністе Ұлы ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезі суреттеледі. Қойылымда «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан жанның» тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көрсетіледі. Спектакльдің режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір. Айта кетйік, осы қойылымды өткен жылы Семей қаласында Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестивалінде сахналады. «Қазақ театр өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясымен және Абай ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі  Темірбеков Бақытбек марапатталды.  
Театр ұжымы жаңа маусымда Ж.Батис Мольердің "Ақымақ болған басым-ай" комедиясы, Р.Отарбаевтың "Нашақор жайлы новелла" драмасы секілді премьераны көрерменге ұсынбақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: