Қазан айының 24-25 күндері Қармакшы ауданының Қуаңдария ауылының құрылғанына 50 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтеді.
Онда жазба ақындар мүшәйрасы, жыраулар байқауы, ауыл орталығындағы абаттандырылған «Бәйтерек» көшесінің және «Сейдмұхаммед Әздер» мешітінің ашылуы өткізіледі. Аауылдың 50 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі, спорттық ойындар, қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы, ат спорты ойындары, мерекелік шаралары болады.