Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлері

"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлеріКүні кеше Лос-Анджелес қаласында әйгілі "Оскар" жүлдесінің 87-ші марапаттауы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything" фильмінде ойнаған Эдди Редмейн "Үздік актер" аталымының жүлдегері атанды. Ал "Үздік актриса" жүлдесінің иегері "Әлі де Элис/Still Alice” фильмінде ойнаған Джулианна Мур болды.
Алехандро Гонсалеса Иньярритудің "Бердмен" фильмі "Үздік фильм" аталымымен қоса "Үздік сценарий", "Үздік оператор", "Үздік режиссер" аталымдарының жүлдегері атанғанын айтқан едік.
"Оскар - 2015" жүлдегерлерінің толық тізімі:
"Үздік фильм" - "Бердмэн"
"Үздік режиссер" - Алехандро Гонсалес Иньярриту  – "Бердмэн"
"Үздік актриса" - Джулианна Мур - Әлі де Элис/Still Alice”
"Үздік актер" - Эдди Редмэйн - "Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything"
"Екінші пландағы үздік актер" - Дж.К.Симмонс - "Ынталану/Whiplash"
"Екінші пландағы үздік актриса" - Патриция Аркетт  - "Балдәурен/Boyhood”
"Үздік оператор" - Эммануэль Любецки – "Бердмэн"
"Шет тіліндегі үздік фильм" - "Ида"
"Үздік адаптацияланған сценарий" - "Имитация ойыны/The Imitation Game"
"Үздік оригиналды сценарий" - "Бердмэн"
"Костюмдердің үздік дизайні" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"
"Үздік грим мен шаш үлгісі" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"
"Үздік визуалды эффект" - "Интерстеллар"
"Үздік суретші-қоюшы" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"
"Үздік анимациялық фильм" - "Ержүректілер қаласы/Big Hero 6"
"Үздік деректі фильм" - "Азамат 4/Citizenfour"
"Үздік монтаж" - "Ынталану/Whiplash"
"Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" - "Пир/feast"
"Үздік қысқаметражды деректі фильм" - "Ардагерлерге арналған сенім телефоны/Crisis Hotline: Veterans Press 1"
"Үздік дыбыс монтажы" - "Снайпер"
"Үздік дыбыс" - "Ынталану/Whiplash"
"Үздік әуен" - "Сельма"
"Үздік саундтрек" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"
Міне, "Оскар" жүлдесінің 2015 жылғы иегерлері сізге де таныс болды. Сіз бұлардың қайсысын көрдіңіз? Оларды аталымына лайық деп танисыз ба?
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: