Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢА ИНТЕРНЕТ - РЕСУРС


Қызылорда қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында арнайы
www.qorda.kz сайты өз жұмысын бастады.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы «Арнайы сайт жұмысын үйлестіру» жобасы бойынша жасалған интернет-ресурсты «Ұшқыр жебе» ҚҚ ұйымы әзірлеп, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Жоба жетекшілері осы арқылы жер­лес­теріміз бен қала қонақтарына ақпараттық қолжетімділікті қалыптас­тыруды көздеп отыр.
Осы мақсатта сайтта қаладағы әлеуметтік нысандар, мәдени ошақтар, ойын-сауық орта­лықтары, демалыс орындары, саябақтар, мейрамханалар мен қонақ үйлер секілді қажетті барлық нысандардың мекен-жайы көрсетіліп, олар туралы ақпараттар берілген.
Интернет-ресурстан Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесі аясында ұйымдастырылатын шаралар туралы толық ақпарат алуға болады.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масының «Ақпарат толқыны» кіші бағ­дарламасын жүзеге асыруға ба­ғыт­талған аймақтағы алғашқы интернет-ресурста қала әкімдігінің әлеу­меттік желілердегі (Facebook, Вконтакте, Іnstagram, Qyzylorda Open) па­рақ­шаларына тікелей кіруге мүмкіндік жасалған.
Қалалық ішкі саясат бөлімі маман­дары­ның айтуынша, жақын күндері «Ақыл­ды қала» жобасы аясында «Q City» атты мобильді қосымшасы іске қосылады. Қосымша арқылы қала әкімдігімен тіке­лей байланыс жасап, түрлі салаға қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік туады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: