Белгілі әнші Серік Ибрагимов отау көтеріп, үйлену тойын Қызылорда қаласында дүркіретіп жасады.
Бұл жайында өнерпаздың өнердегі достары әлеуметтік желідегі рапақшаларында хабарлады. Той көптің көңілінен шыққан секілді. Суреттерге қарай отырып, осындай ой түюге болады. Той қазақы салтымызға сай өтті деуге негіз бар. Жас жұбайлар алдымен қазақтың салт-дәстүрі бойынша ортаға шығып, содан кейін «Жар-жар» әні айтылды.
Аталмыш тойға елімізге белгілі әншілер мен өнер иелері келді. Олардың қатарында Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төреәлі сында көптеген азаматтар бар.
Естеріңізге сала кетелік, Серік Ибрагимов Айнамкөз есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерген еді. Алдымен қыз ұзату тойы өтті. Одан кейін Жаңақорған ауданы «Түгіскен» ауылында беташар рәсімі өткізілді. Ал сәрсенбінің сәтті күнінде Қызылордада үйлену тойы өтті.