ДЕ НИРО ҚАЗАҚСТАНДЫ УРАННАН ҚҰТҚАРУ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРЕДІ
Participant Media кинокомпаниясы Майкл Ганның «Бостандық құны» сценарийі үшін күресте бәсекелестерін жеңді. Фильм өндірісіне Tribeca Films атынан Джейн Розенталь пен Роберт Де Ниро да қатысады, деп хабарлады gazeta.ru.
Картина сюжеті КСРО құлаған уақыттардағы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер - Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық дипломат - жаңа құрылған мемлекетте байытылған уранның орасан қоры бар екенін біледі де, әріптестерімен бірге қауіпті материалдарды халықаралық лаңкестер иеленбес бұрын оларды алып кетуге күш салады. Deadline басылымы фильм шынайы оқиға желісі бойынша түсірілетінін хабарлады.