Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА ҮГІТ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АРАЛДА ҮГІТ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІАрал ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған «Мәңгілік елге нұрлы жол» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өтті. 
Байқаудың шымылдырғын ашып, сөз сөйлеген аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауда бақ сынаған 9 команда Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, насихаттау бойынша жоғары дәрежедегі бағдарламаларын ұсынды.
Қорытынды бағалау барысында: Бағдарламаның тақырыбын кеңінен ашу; Көркемдік деңгейі, идеясы, режиссерлық шешімі; орындау шеберлігі, музыкамен көркемделуі және сахна мәдениеті, киімін басты назарға алған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Арал ауданының, 1-орын Шиелі, Жалағаш аудандарының, 2- орын Қармақшы, Жаңақорған аудандарының, және 3-орын Қызылорда қаласы, Сырдария, Қазалы аудандарының үгіт бригадаларының еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: