Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Нұрлан Еспановтың қатысуымен болған төбелестің нүктесі қойылды

Нұрлан Еспановтың қатысуымен болған төбелестің нүктесі қойылды

 

Әнші Нұрлан Еспанов пен Шыңғыс татуласты. Бұл жөнінде baistars.kz хабарлады.
Осыдан бірнеше апта бұрын Нұрлан Еспановтың қатысуымен болған төбелес ғаламторда біраз талқыға түскен болатын. Кейіннен Нұрлан Еспанов арнайы сайтымызға болған жағдай жайлы мәлімдеме берген еді. Алайда, оқиғаның басты кейіпкерлері Шыңғыс пен Космос әншінің мәлімдемесін оқып, жалған ақпарат таратқаны туралы жеткізді.
Енді  екі жақтың татуласуымен жанжалдың нүктесі қойылды. Бұл туралы Шыңғыс өзінің инстаграм әлеуметтік парақшасында жариялады. «Бірнеше апта бұрын Нұрлан Еспановтың қатысуымен болған көшедегі төбелес жанжалы екі жақтың ортақ келісімге келіп татуласуымен аяқталды. Нұрлан аға бізді, яғни Шыңғыс пен Космосты шақырып әңгімеге шақырды. Отырып сөйлестік, Нұрлан аға кішіпейілдігін танытып бірінші қадам жасады, ал біз жасымыз кіші болғандықтан кішірейіп артық әрекеттеріміз бен сөздеріміз үшін кешірім сұрадық. Қол алыстық. Енді бәрі жақсы», — деп жазды    Шыңғыс. Сонымен қатар,  дәлел ретінде видеоларын you tube  желісінде жариялады.
Енді екі жақ татуласқан соң, Нұрлан Еспанов пен Шыңғыс бірлесіп ән жазып  жатыр екен. Білуімізше әннің атауы «Көше палуандары» деп аталады.

 

Нұрлан Еспановтың қатысуымен болған төбелестің нүктесі қойылды


 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: