Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ?

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ?

 

Бүгін, қала әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына" орай қала көлемінде ұйымдастырылатын мерекелік шаралар туралы баспасөз конференциясын өткізді.
Қызылорда қаласында «Наурыз - 2017» мейрамын аясында төмендегі шаралар өткізіледі. 
Қызылорда қаласында Наурыз мейрамын атап өтудің негізгі идеялық мазмұны:
- халықтың рухани құндылықтарын, этносаралық келісім мен ынтымақтың мазмұнын ашу;
- салт-дәстүріміз бен достыққа берік, сабырлы да төзімді ел екенімізді танытып, қазақстандық бірегей модельдің сипатына мән беріп, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын одан әрі ілгерілету;
- елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетінін насихаттау. 
Жылдағы дәстүрге сәйкес басты мереке өткізілетін орталық алаң арнайы безендіріліп, 30-ға жуық киіз үй тігіледі. Қазіргі таңда безендіру сызбалары келісілді, 20-шы наурыздан бастап қала көшелерінде тақырыптық безендірулер басталады.
Облыс әкімдігімен бекітілген 9 тақырыптық бағыттар бойынша 14 наурыздан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде 100-ге жуық мерекелік шаралар өткізіледі.
*****
Наурыз мерекесіне арналған негізгі шара 22 наурыз күні орталық алаңда өткізіледі.
Алаңға әдеттегідей 30-ға жуық киіз үйлер, қайырымдылық шатырлары тігіледі. 
Алаңда арнайы жүлде қоры белгіленген ұлттық ойын түрлерінен (арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес т.б.) жарыстар, қолөнершеберлері мен ЭКСПО-2017 тақырыбымен көрмелер ұйымдастырылады. 
Биылғы жылғы ерекшелік – арнайы белгіленген орындарда ұлттық бағыттағы көріністі тамашалау шаралары: 
- «Наурыз көже» алаңы. Бір қатарға арнайы 14 тайқазан-ошақтар қойылып, бір мезгілде 14 келіншек наурыз көже әзірлейді. Дайындалған көже халыққа таратылады; 
- «Айдар шашын кесу» рәсімі. 
Ұлыстың Ұлы күні қаламызда Халықаралық Түркісой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің басқаруымен түркітілдес елдерден келген 40-қа жуық өнерпаздан құралған арнайы делегация келеді. 
Түркітілдес елдер өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен жергілікті өнерпаздардың ұлттық–этнографиялық тақырыптағы концерттік бағдарламасы тамашаланады. 
Кешкі шаралар 17.00-ден бастылып, олардың негізі түрлі форматтағы жастар шығармашылығының думанды бағдарламаларымен жалғасатын болады («Домбыра думан», «Бауырсақ partу», «Наурыз Fest» т.б.)

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: