Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ҚЫЗЫЛОРДА КӨШЕЛЕРІ» КӨПШІЛІККЕ АРНАЛАДЫ

 

Бүгінде қала аумағында жалпы ұзындығы 612 шақырым болатын 760-тан астам көше бар. Енді бұл көшелер туралы барлық мәліметті «Қызылорда көшелері» атты жаңа кітаптан қала тұрғындары мен қонақтары толық біле алады. 
Жуырда кітаптың сүйінші данасы оқырманға жол тартты. Осыдан жеті жыл бұрын жарық көрген кітаптан соң, қайта толықтырылып, өңделген жаңа кітапта қала көшелерінің қай жерде орналасқаны, оның бұрынғы және қазіргі атаулары, шаһардың көрікті жерлері мен картасы көрініс тапқан.
Сырдың тумасы Сәбит Иманғалиев құрастырған кітап барша оқырман қауымға арналған. Бүгінде қаладағы 760 көшенің жартысына жуығы кісі аттарымен аталса, олардың арасында батырлар мен билер, жазушылар және еңбек адамдары, белгілі қоғам қайраткерлері бар. үш тілде басылған кітап әзірге 500 данамен жарық көрді. Автордың айтуынша, қалаға жаңадан қосылған ауылдардың кейбір көшелері енбей қалса, ол алдағы уақыттың еншісіндегі жұмыс. Сондықтан «Қызылорда көшелері» атты жинақтың жалғасын оқырман қауым асыға күтеріне сенім мол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: