Арал аудандық Мәдениет орталығының қызметкерлері Жетес би ауылдық округінде болып, өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынып қайтты.
Бұл шара Ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ауыл халқының бос уақытын тиімді пайдаланып, рухани әлеуетін арттыру, және жастарды өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Ән айтып, би билеп, термелетіп жыр төккен ұжымның өнерін ерекше бағалаған ауыл халқы да зор қошемет көрсетті. Ал, ауыл әкімі Махмұт Жақсылықұлы және ауыл ақсақалдары аталған өнерлі ұжымға ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта да халыққа рухани азық болуды көздеген ұжым өздерінің концерттік бағдарламаларымен басқа ауылдарда беруді жоспарлап отыр.