Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДЫҚ ШЕБЕР ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

АРАЛДЫҚ ШЕБЕР ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫӨнерлі отбасында дүниеге келген Құдайберген Құлманбетовтің қолөнерге деген қызығушылығы балалық шақтан бастау алған. Оқушы кезінде-ақ өзі оқыған №13 мектепте «Суреттер полотнасы» атты жеке көрмесін өткізген. 
Сол мектеп қабырғасынан өрбіген қолөнер шеберінің қадамы сәт санап шыңдала түсті. Өзінің «Мұрагер» атты жеке шеберханасының жұмысын жолға қойды.Ал, бүгінгі таңда өзі де сан шәкіртті қолөнердің қыр-сырына баулыған тәлімгер. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі атанған шебердің жеткен жетістіктері де аз емес. Аудандық, облыстық, республикалық, аймақтық, Орта Азия, БҰҰ-ның халықаралық көрмелеріне қатысып, жүлделерге ие болды. Оның қолынан шыққан бұйымдары Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қазалы, Арал музейлеріне жәдігерлікке алынған. Бірнеше жұмыстарына шетел азаматтары қызығушылық танытып, сыйға алған. Сондай-ақ Президент мәдениет орталығында ұйымдастырылған "Шебер-2011" конкурсының "Озат іскер" номинациясын иеленген Құдайберген Құлманбетов Малайзия еліне жолдама алып, өз өнерімен шетелдіктерді тәнті етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: