Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мақсат Мақұлбеков: Егер ән айтпасам, қолөнерші болар едім

Мақсат Мақұлбеков – «Қазақстан дауысы» жобасының финалына жеткен үздік төртеудің бірі.

 

Мақсат Мақұлбеков: Егер ән айтпасам, қолөнерші болар едім

 

«Қазақстан дауысының» финалына жеткен төрт үміткердің қайсысы үздік шығады? Жобаның бас жүлдесі – 5 миллион теңге мен  дыбыс жазатын «Universal» компаниясымен бір жылдық келісімшарт кімге бұйырады?
Ең үздік алдағы аптада белгілі болады. 15 ақпан сағат 21.00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Қазақстан дауысы» жобасын көріңіз.
Мақсат Мақұлбеков – «Қазақстан дауысы» жобасының финалына жеткен үздік төртеудің бірі. Оның тәлімгері – Медеу Арынбаев. Ол сондай-ақ, жобадағы жалғыз отбасылы адам. Екі баланың әкесі.
Жобаға келмес бұрын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, «Аңсар» тобында ән айтқан. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің түлегі. Қазір Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының магистранты.
Өмірдегі ең бақытты сәт  – ұлдары Мейіржан мен Мирастың дүниеге келген күндері, деп біледі. Бос уақытын отбасымен өткізгенді ұнатады.
Мақсат үшін нағыз отбасы - үнемі күтіп отыратын, жақсы  көретін, мықты қорған.
Бала кездегі кумирлері – Джеки Чан, Жан Клод Ван Дамм. «Бала кезімде күреске бардым. Маған осындай типтегі актерлер ұнайтын»,-дейді өзі.
Мақсат Мақұлбеков италиялық тенор Лучано Павароттидың туындыларын сағаттап тыңдауға бар. «Егер әнші болмасам, қолөнермен айналысар едім»,-дейді ол.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: