Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МҰХТАР НИЯЗОВ ҚЫРҒЫЗСТАНДА БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

МҰХТАР НИЯЗОВ ҚЫРҒЫЗСТАНДА БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

 

Қырғызстанда халықаралық көшпелілер ойындары жарысы аясында еларалық айтыс өткізілген еді. Бұл жарысқа қос елдің өлеңге жүйрік саңлақтары қатысты, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі. 
Өлеңнен өрнек терген өнерпаздар екі күн бойы айтыс көрігін қыздырды. Қазақ пен қырғыздың 18 маңдайалды саңлақтары өздерінің мықтылығын көрсетіп, көпшілікті көркем сөз өнерімен көзайым ете білді. Олардың қатарында Қазақстаннан Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбді секілді қызылордалықтармен бірге Дидар Қамиев, Жарқынбек Наушабеков сынды жігіттер бар. Ал қырғыздар тарапынан Амантай Кұтманәлиев, Болот Назаров, Асылбек Маратов, Азамат Болгонбаев секілді өнерпаздар өнер сайысына  түсті. 
Әділқазылар шешімімен гран-при Қырғызстаннан Азамат Болгонбаев пен Қазақстаннан Мұхтар Ниязовқа тиесілі болды. Одан кейінгі бірінші орынды қырғыз Болот Назаров пен қазақ Жарқынбек Наушабеков алды. Екінші орын Нұрмат Мансұров (Қазақстан) мен Амантай Құтманәлиевке бұйырса, үшінші орынға Дидар Қамиев (Қазақстан) мен Асылбек Маратов (Қырғызстан) жайғасты.   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: