Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ

ҚАЗАЛЫДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ СЫНҒА ТҮСТІБүгін Қазалы ауданында  өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқуларының байқауы өткізілді.
Бұл шара Абай шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілі мен мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өткізілді.
Байқауға қатысқан 10-ға тарта ұлт өкілдері Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына байланысты поэзиялық шығармалары мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындаудан және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті.
Нәтижесінде №266 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Пан Николай бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Өзге жеңімпаздар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: