Белгілі қаламгер Зейнолла Шүкіровтың "Жас жесір" повесі желісінде қойылған спектаклді мәдениет үйінің әртістері сахналады.
Басты рөлдегі Анарды сомдаушы Самал Ділжанова, Анардың жары Нұрманның рөлін Есбол Қадырқұлов, Анардың енесінің рөлін Гүлбану Матығұлова, анасының рөлін Қарлығаш Аманова, Анардың жақынындай болып кеткен ауыл әйелінің рөлін Мәуегүл Кәленова, көрші әйелдің рөлін Бақытгүл Бахрамова, жауыз кісінің рөлін Қуаныш Жұбанышов асқан шеберлікпен сомдап, әрқайсысының образдарын тамаша көрсете білді.
Қойылым соңында Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов сөз алып, спектакльдің бүкіл елдің басына төнген қасіретті ашып көрсеткен туынды болғанын айтып өтті. Ұжымға көрермен атынан зор ризашылығын білдіріп, аудандық мәдениет үйінің директоры Сәнімгүлшат Өмірзақованы, аудандық мәдениет үйінің дыбыс әрлеушісі Нартай Қайырлаповты және спектаклде ойнаған бір топ сахнагерлерді алғыс хатпен марапаттады.