Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Дәурен Айдарқұлов актерлікті қойып, әншілікке бет бұрмақ


Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов кино саласын қойып, енді әйелі секілді әнші болуға ниетті. КВН ойындары арқылы танымалдылығы артқан өнер иесі музыка әлеміне аяқ басуға қызу дайындықты бастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Айдарқұлов бұл шешімге киноларға шақыртулар саны азая бастағандықтан келгенін жасырмады.
Әзілкештің сөзінше, көрермен де фильмдерге "сол баяғы" бір актерлардың түсуінен жалығады. Сол себепті ол алдағы уақытта келіншегі Ақбота Айдарқұловамен дуэт болып, ән салмақ.
"Бір жағынан халық демалсын деп жатқаным ғой. Әйтпесе, «Үнемі, сол бір актерлар түсе береді екен» деп айтады. Сол себепті әрдайым олай айтпау үшін, кішігірім пауза ұстап жатырмыз.
Оның екінші себебі - ол музыка әлеміне бара жатырмыз. Ән айтайын деп жатырмыз. Дуэт шығармақшымыз. Сондай бір жобалар болып жатыр" , - деп ағынан жарылды актер.
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әйелімен түскен видеосы елді қызықтырып қойғанын жазған болатынбыз. Көпшілік ерлі-зайыптылар бірге дуэт айтты деп болжам жасады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: