Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Аралда жас суретшілер сайысы өткізілді

Арал аудандық стадион алаңында аудандық оқушылар Үйі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен "Батпырауық - 2015" тақырыбында жас суретшілер сайысы өткізілді. 

 

Аталмыш сурет байқауына қылқаламды серік еткен мектеп оқушылары қатысты. Балғындар сурет салудың сан түрінен жарысқа түсті. Олардың бала қиялынан туындаған суреттері айқын бояуы, өзіне тән образдылығы мен тақырыптық мазмұны жағынан бір-бірінен ерекше болды.
"Батпырауық - 2015" сурет сайысының қорытындысында І орынды №71 мектептің оқушылары Қаппарова Несібелі мен Нұралиева Баян, ІІ орынды №83 мектептен Нұрсейітов Айбек, Исламов Ерасыл және №220 мектептен Мырзағұлов Қайсар, Зағиладдин Ақсұлтан иеленсе ІІІ орынды №71 мектептен Жайылғанов Мейрамбек, Мұқияшов Асқарбек және №13 мектептен Асылбеков Бағдәулет, Ибрагимов Думан, №2 мектеп-интернаттан Дінислам Шыңғыс пен Өтемұратов Ердана иеленді. 
Жас суретшілер сайысының "Ғарыш қиялы" бөлімінің нәтижесінде І орынды №14 мектеп оқушысы Құрмашова Құралай, ІІ орынды №220 мектептен Айсаева Үміт пен №62 мектептен Төлебаева Айдана, ІІІ орынды №64 мектептен Сағындықов Ануар мен №83 мектептен Әбибуллаева Назгүл иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: