Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалылық мәдениет қызметкерлері марапатталды

Қазалылық мәдениет қызметкерлері марапатталдыҚазалы ауданында «Мәдениетім – мәртебем, өнерім - өрісім» тақырыбында өткен шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жүсіпов Толыбай, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек мәдениет қызметкерлері мен өнер иелерін төл мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, аудан мәдениеті мен өнерінің өсуіне атсалысып жүрген жандарға құрмет көрсетіп, облыс әкімінің,   облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, аудан әкімінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Осы ретте айта кетер қуанышты хабар - Аудандық мәдениет Орталығы жанындағы №2 мәдени-демалыс кешенінің меңгерушісі Төребекова Гүлнар «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 
Шара барысында өнер көрсеткен «Атамұра» ардагерлер аспаптық ансамблі және ауданның жекелеген өнерпаздары кештің көркін кіргізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: